Тоқаевқа хат жазған елордалық оқушының арманы орындалды

Сурет: видеодан алынды
Астаналық 12 жасар Кемел Жүсіповке Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан сыйлық табыс етілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Президенттен сыйлық алдым. Хатымды оқыпты. Туған күніме, өзім қалағандай, Президенттің қолтаңбасы мен тілегі бар кітапты сыйлыққа алдым. Менің арманым орындалды. Әлі сене алар емеспін. Көп рақмет Сізге!" деп жазды елордалық оқушы бала Instagram-дағы парақшасына видео да жүктей отырып.

Баланың айтуынша, 21 желтоқсанда анасымен бірге Президент Әкімшілігіне шақырылып, сыйлыққа кітап алған.

"Кемел Жүсіповке өмірде ақ жол тілейміз! Азамат бол!", - деп жазған Мемлекет басшысы.


Айта кетсек, 12 жасар елордалық оқушы алдында Президентке жазған хатын әлеуметтік желіде жариялаған. Хат мәтіні - орысша.

"Құрметті, Қасым-Жомарт Кемелұлы, менің атым сіздің әкеңіздің атындай - Кемел. Бүгін менің туған күнім әрі осыдан тура 12 жыл бұрын ата-анам маған осы есімді қойған" деп басталатын хатта 12 жасар бала саяхаттауды жақсы көретінін, Президентпен жүздесіп, сөйлесіп, ол кісінің "Әке туралы ой-толғау" кітабын сыйлыққа алуды армандайтынын жазған.

Қасым-Жомарт Тоқаев
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда самокаттарға қатысты рейдтер жалғасып жатыр

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Президент: "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасы – еліміздің жарқын болашағын құрудың маңызды тетігі

Қазақстанда салық нысандарының бірі жаңартылады

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео