Павлодарлық қызметкердің пара алғаны үшін ШҚО-ның бас инспекторы жазаланды

Сурет: freepik
Шығыс Қазақстан облыстық өңірлік көліктік бақылау инспекциясының басшысы Асхат Ешімов сөгіс түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның қарамағында жұмыс істеген жетекші маман кәсіпкерлерден пара алғаны үшін сотталды. Ол соттың үкімі бойынша 7,5 миллион теңге төлеуі керек, деп жазды pavlodarnews.kz.

Кәсіпкерлер өздерінің ауыр жүктерін Павлодар облысы бойынша кедергісіз өткізу үшін 47 жастағы көліктік бақылау инспекциясының жетекші маманына пара беріп отырған. Бүгінде Асхат Ешімов Шығыс Қазақстан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясын басқарады.

Биыл облыста мемлекеттік органдардың атына ҚР ҚПК-нің 200-бабы "Қылмыстық құқық бұзушылықтар және басқа да заң бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөнiндегi ұсыну" бойынша 36 ұсыныс енгізілді. Тәртіптік жауапкершілікке 62 адам тартылды, олардың алтауы жұмысынан айырылып, 16-сы қатаң сөгіс алды, біреуі арнайы атаққа төмендетілді.

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды