Елордада мас адам өзгенің көлігін айдап кеткен

Сурет: ҚР ІІМ
Қала тұрғыны полицияға арызданып, Toyota Camry көлігінің ұрланғанын хабарлаған. Жас жігіттің айтуынша, көліктің белгісіз адаммен жанжал кезінде ұрланған.

Көлік жүргізушісі мен оның жолаушысы үйдің ауласында келе жатқанда, дәрет сындырып жатқан мас адамды байқайды.

Жігіттер бұзақыны жөнге келтірмек болғанда, ол агрессивті әрекет жасап, олармен ауызша жанжал шығарып, арты төбелеске ұласқан.

Төбелес кезінде төбелеске қатысушылардың бірі көліктің оталып тұрғанын байқап, көлікке отырып, белгісіз бағытта із-түссіз тартып отырған.

Жедел-іздестіру шаралары барсында орталық басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы тәртіп сақшылары Абылай хан даңғылындағы үйдің ауласынан ұрланған көліктің ізін анықтаған. Сөйтіп Алматы аудандық полиция қызметкерлері 2 сағаттың ішінде ұрлық жасаған күдіктіні құрықтаған. Ол 36 жастағы қала тұрғыны болған.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оның елордада жасалған осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді