"ҚазАвтоЖол" қолайсыз ауа райына байланысты жабылған жол учаскелері тізімін толықтырды

Сурет: pixabay
28 желтоқсанда кешке Жетісу облысындағы республикалық маңызы бар тас жол учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жетісу облысында тұман мен көктайғақтың салдарынан "Үшарал-Достық" республикалық маңызы бар тас жолының Көктұма станциясынан Достық станциясына дейінгі учаскесінде автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс шектелді. 

Сонымен қатар, Ақтөбе облысында "Самара-Шымкент" және "Қарабұтақ-Комсомол" тас жолдарының бірнеше учаскесінде көлік кептелістері байқалады.

"Қазақстанның барлық аймағында жаңбыр мен қар түріндегі антициклді циклон өз ықпалын сақтайды. Боран, көктайғақ және екпінді жел де болады деп күтіледі. 29 және 30 желтоқсанда солтүстік және оңтүстік өңірлерде соққан желдің жылдамдығы секундына 30 метрге дейін жетеді деп болжанады", деп ескертеді "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды