Қостанайға ұшқан Qazaq air әуе компаниясының ұшағы Астанаға оралды

Сурет: Qazaq air әуе компаниясының баспасөз қызметі
28 желтоқсанда Астана-Қостанай бағыты бойынша IQ367 рейсі жоспар бойынша Астанадан сағат 15:25-те ұшуға тиіс болған, алайда техникалық ақауларға байланысты жоспарланған рейс 4 сағат 35 минутқа кешіктірілді, деп хабарлайды Zakon.kz
"Бұдан әрі сағат 20:12-де мұздануға қарсы сұйықтықпен өңдеу шарасы өткізілді. Ол аяқталғаннан кейін ұшақ Қостанайға сағат 20:27-де ұшты. Алайда техникалық себептерге байланысты ұшақ ұшу әуежайына оралды". Qazaq air әуе компаниясының баспасөз қызметі

Техникалық қызмет көрсету базасының Астанада орналасуы себепті экипаж бортты қайтару туралы шешімді қабылдады. Ұшақ техникалық тексеруден өтіп жатыр.

"Межелі бағыт бойынша рейстің ұшуы 29 желтоқсанда сағат 00.40-та әуе компанияның басқа ұшағында жоспарланған. Аталған рейстің жолаушыларына Жолаушыларды тасымалдау Ережелеріне сәйкес сергітетін сусындар, тамақ, тегін қайта брондау немесе билеттерді 100% қайтару ұсынылды. QAZAQ AIR жолаушылардан келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды. Қауіпсіздік – әуе компанияның басты басымдығы екенін хабарлаймыз".Qazaq air әуе компаниясының баспасөз қызметі
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

Әзірбайжанда ковидке байланысты карантин режимінің мерзімі 2027 жылға дейін ұзартылды

Қазақстанда футбол қақпаларына қойылатын қауіпсіздік талаптары күшейтілді