ІІМ қысқы демалыстың басталуына байланысты ата-аналарға үндеу жасады

Сурет: akorda.kz
Қазір есірткі кез-келген отбасының өміріне енуі мүмкін. Биыл полиция есірткі таратуға қатысы бар 40-тан астам кәмелетке толмаған оқушыларды ұстады.

Қысқы демалысқа байланысты Ішкі істер министрлігі ата-аналарды балаларының өміріне барынша араласуға шақырады. Себебі баланың есірткі иммунитетін қалыптастыруда отбасының рөлі ең маңызды.

"Сіздер балаларыңыздың ортасын білулеріңіз керек. Олар пайдаланатын интернет-ресурстарды қадағалағандарыңыз абзал. Жасөспірімнің заттарының арасында кез келген дәрі-дәрмек қаптамалары, фольга, шыны түтіктері, тамшуырлар кездессе, мұқият болыңыз. Мұның бәрі синтетикалық есірткіні қолдануға арналған құрал бола алады", - деді ҚР ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Әмірханов.

Ақша шығынына немесе керісінше оның көбеюіне де назар аудару керек.

Себебі есірткіні қолданудан басқа бала тез арада көп табыс табу мүмкіндігіне қызығып, оны таратуға қатысуы мүмкін, – деді ҚР ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Әмірханов.

Егер балаңызда:

Еске салайық, есірткі қылмысы үшін қылмыстық жауапкершілік 16 жастан, есірткіні сатқаны үшін 14 жастан басталады.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Алина Чистякова жеңіл атлетикадан Азия чемпионы атанды

Еліміз бойынша 11 маусымға арналған ауа райы болжамы

Австралияда маса шағып, сирек кездесетін вирус жұқтырған турист көз жұмды