Павлодарда өзгенің көлігін заңсыз иемденген мас жүргізуші қолға түсті

Сурет: ҚР ІІМ
Павлодар қаласының тұрғыны 1 қаңтар сағат 07:30- да Академик Бектұров көшесіндегі үйдің ауласынан ГАЗель автокөлігін мас күйде заңсыз иемденді деп күдіктеліп отыр.

Әрі қарай, Нұркин көшесімен жүріп, жол белгісіне, автобус аялдамасына және дүкен ғимаратына соғылды.

"Жүргізушіні жақын маңдағы полиция қызметкерлері ұстады және оның жүргізуші куәлігі жоқ екендігі анықталды. Автокөліктің салонында 17 жастағы кәмелетке толмаған бала болған. Жүргізуші куәландырылып, Павлодар қаласының УҰИ-ға орналастырылды. Мас күйде және жүргізуші куәлігі жоқ жүргізуші автокөлікті жүргізгені үшін 20 тәулікке қамауға алынды. Сондай-ақ ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды", – дейді Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына, Қазақстан Республикасы қылмыстық-процессуалдық кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес адам өзінің кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен танылғанға дейін қылмыс жасағаны үшін кінәсіз деп есептеледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз