Жапонияда жер сілкінісінен 62 адам қаза тапты

Сурет: Indiana University
Жапонияда іздеу-құтқару операциялары жалғасып жатыр. Қуаты 7,6 баллдық жер сілкінісінің ошағы елдің орталығындағы Ното түбегінде анықталды.

Соңғы мәліметке қарағанда, дүмпуден 62 адам қаза тапты. Үйлер құлап, ғимараттар өртеніп, жолдар бұзылған, деп жазады qazaqstan.tv.

Соның салдарынан құтқару жұмыстары қиындап отыр. Премьер-министр Фумио Кисида мәлімдегендей, Нотоға 3 мыңдай құтқарушы жетуге әрекеттеніп жатыр.

Ал әскерилер үйлерін тастап кеткендерге азық-түлік, ауыз су және көрпе таратып жатыр. 57 мыңдай адам эвакуацияланған.

Цунами қаупі туралы дабыл доғарылды. Ал Токионың "Ханеда" әуежайында апат жайлаған аудандарға көмек тиелген ұшақ жолаушылар ұшағымен соқтығысып, бес адам қаза тапты.

Ал отқа оранған екінші лайнердегі 379 адам түгел сыртқа шығарылған. барлығы дін аман.

Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

"Болашақ" стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды

Қырғызстан Қазақстанға шекарадағы жер телімдерін айырбастауды ұсынды