"Қоңырау шалсам бола ма?": Шымкентте алаяқтыққа қатысы бар күдікті ұсталды

Сурет: ҚР ІІМ
Шымкентте тұрғындардың телефонын алаяқтықпен жымқырып, ломбардқа өткізіп жіберген күдікті қолға түсті.

Қаратау АПБ-ға Түркістан облысының тұрғыны алаяқтық туралы арызданды. Ол бейтаныс жігіт телефонын қоңырау шалу үшін сұрап алып, белгісіз бағытқа қарай "ізін суытқанын" жеткізді.

Кейін осыған ұқсас арызбен тағы бір азамат полицияға жүгінді. Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын көлемі 720 мың теңгені құрады.

Тәртіп сақшылары аталған жайттыҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеп, жедел-іздестіру жұмыстарына кірісті.

Бейнебақылау камераларын тексеріп, куәгерлерден жауап алды. Нәтижесінде қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 25 жастағы жігіт полиция басқармасына жеткізілді. Тергеу барысында ер адам ұрланған смартфондарды ломбардқа өткізіп үлгергені анықталды.

Сондай-ақ оның осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар екені белгілі болды. Қазіргі таңда күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазақстан
Алаяқтардан сақ болыңыз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді