Бірнеше сағатта 50 құқық бұзушылық: Алматыда рейд нәтижесі жарияланды

Парковка, паркинг, парковочное место, парковочные места, машина, машины, авто, автомобиль, автомобили, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.06.2026 15:25 Фото: pixabay
Алматының орталығында жол қозғалысы ережелерін бұзған жүргізушілерге қатысты кезекті рейд өтіп, заңсыз тұраққа қойылған ондаған көлік айып тұрағына жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, тұраққа қою ережелерінің сақталуын бақылау аясында қала орталығындағы аудандарға ерекше көңіл бөлінуде.

23 маусым күні Алмалы ауданында эвакуаторлардың қатысуымен арнайы рейд ұйымдастырылды. Нәтижесінде алғашқы сағаттардың өзінде 50-ге жуық құқық бұзушылық анықталған.

Оның ішінде 28 автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды.

Полиция өкілдерінің айтуынша, көлікті заңсыз жерге қою – ұсақ құқық бұзушылық емес. Мұндай әрекеттер жол қозғалысын қиындатып, кептеліс пен жол-көлік оқиғаларының қаупін арттырады.

Осыған байланысты жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін сақтап, көліктерін тек рұқсат етілген орындарға қою қажеттігі ескертілді.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті мен полиция қызметкерлері көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында да осындай рейдтік іс-шаралар өткізген болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: