Кейбір аймақтарға қатысты дауылды ескерту әлі сақталады

Сурет: Zakon.kz
"Қазгидромет" синоптиктері 8 қаңтарға дауылды ескерту жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, Астанада және бірқатар облыстарда қауіпті ауа райы құбылыстары болжанған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оңтүстікте, Алматы облысының таулы аймақтарында тұман болады. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Алматыны таңертең және күндіз тұман басады. Қонаевта да күндіз тұман.

Түркістан облысының таулы аудандарында түнде және таңертең қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Желдің екпіні 25 м/с-қа дейін жетеді. Шымкентте және Түркістанда 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Маңғыстау облысының батысында және солтүстік-шығысында түнде және таңертең тұман болады. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында бұрқасын болады деп болжанды. Облыстың батысы мен оңтүстігінде тұман түседі. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Петропавлда қарлы боран соғады. Желдің екпіні 25 м/с-қа дейін жетеді. Көкшетауда қар жауып, жолдарда көктайғақ болады. Желдің екпіні 23 м/с-қа жетеді.

Ақмола облысының басым бөлігінде қар жауады, облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде қалың қар жауады. Боран мен көктайғақ болады. Желдің екпіні кейде 30 м/с немесе одан да көп.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауып, бұрқасын болады. Облыстың оңтүстік-шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Облыстың оңтүстік-шығысында жел 30 м/с және одан да көп соғады. Павлодар облысында қар жауып, көктайғақ болады. Желдің екпіні - 23-28 м/с. Павлодарда бұрқасын, көктайғақ болады. Желдің екпіні 25 м/с-қа дейін жетеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Тоқаев мәдениет саласында стипендиялар тағайындады

Ақын Бекжан Әшірбаев 52 жасқа қараған шағында дүниеден озды

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады

Ақмола облысында газбен жабдықталған жүк көлігі отқа оранды