Шымкентте "бизнес жоспары" іске аспай қалған алаяқ сотталды

Сурет: ҚР ІІМ
Мегаполис полицейлері астаналық алаяққа қатысты істі соңына дейін жеткізді. Тұран аудандық полиция басқармасының қызметкерлері қала аумағында скутерлерді жалға алып, оны келесі адамға сатумен айналысқан күдіктіні ұстады.

Жас жігіт жергілікті тұрғындарға 15 миллион теңге материалдық шығын келтірген. Тергеу барысында қаскүнем жеке бас пайдасы үшін қылмыстық ойын іске асыру мақсатында Шымкентке әдейі келгені белгілі болды.

Ол интернеттегі жарнама берушілерге шығып, көлік құралдарын ұзақ мерзімге жалға алуға келіскен. Бастапқыда 1-2 айдың ақысын төлеп, мүлікті алып кеткен соң "ізін суытқан".

Полицейлер аталған жайтқа қатысты қылмыстық іс қозғап, жинақталған айғақтар мен іс-құжаттарды сотқа жолдады.

Нәтижесінде жігіт кінәлі деп танылып, сот оны 4 жылға бас бостандығынан айырды. Алаяқ жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтейді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда самокаттарға қатысты рейдтер жалғасып жатыр

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Президент: "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасы – еліміздің жарқын болашағын құрудың маңызды тетігі

Қазақстанда салық нысандарының бірі жаңартылады

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео