Әнші Рахат Тұрлыханов әйелін тағы да ұрған

Сурет: Instagram/rakhat_turlykhanov
2000 жылдары танымал болған қазақстандық әнші Рахат Тұрлыхановтың басы қайта дауға қалды. Ол әйелін тағы да ұрғаны үшін ескерту алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

2024 жылғы 9 қаңтарда Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Тұрлыхановқа қатысты зорлық-зомбылық жасау фактісі бойынша істі қарады.

Іс материалдарынан 2023 жылғы желтоқсан айында Тұрлыханов үйінде жанжал шығарып, әйелін соққыға жыққаны белгілі болды.

Сондай-ақ Тұрлыхановтың өз кінәсін мойындап, істеген ісіне өкінгені, тараптардың татуласуына байланысты іс жүргізуді тоқтатуды сұрағаны айтылады.

Әйелі іс материалдарында көрсетілген фактілерді растап, Тұрлыхановпен татуласқанын хабарлады.

Заң талабына сәйкес, яғни Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-2 бабы (1-1 б.) бойынша көзделген әкімшілік құқық бұзушылық үшін жаза - ескерту немесе 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алу. Тұрлыханов сот қаулысымен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-2-бабы 1-1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған ескерту берілді.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Тұман түсіп, күн суытады". Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Уәлибек Әбдірайымов Қайрат Нұртасты қатты жамандап тастады

Мемлекет басшысы "Жасанды интеллект туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды