Қайрат Нұртастың анасы 15 жыл бұрынғы әрекеті үшін өкініп отыр

Сурет: instagram.com/gulziraaidarbekova
Әнші Қайрат Нұртастың анасы, продюсер Гүлзира Айдарбекова 15 жыл бұрынғы әрекеті үшін өкінді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жаңа жылдан кейін Вьетнамға ұшып барған Қайрат Нұртастың анасы Instagram-дағы стористерінде демалыстан алған әсерін бөлісті.

Продюсердің айтуынша, бұған дейін Алматыдағы университеттерінің бірінде ағылшын тілінен сабақ берген сіңлісінің арқасында демалыс кезінде қиналмаған. Оған жергілікті тұрғындармен араласуға туысы көмектесіп жатқан көрінеді.

"40 жасымда Дубайға барғанымда, таксист ағылшын тілін оқып алыңыз деген кезінде, енді балаларым оқи берсін, мен кешіктім дегенмін ғой, содан бері 15 жыл өтті, түк те кеш емес екенін білмеппін", - деп жазды продюсер.

Сурет: instagram/gulziraaidarbekova

Ол сонымен бірге "Өзіне мектепке ағылшын емес, неміс тілін оқытты екен?" деп сұрақ та қойды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмола облысында салынып жатқан кірпіш зауытынан Қытайдың 75 азаматы ұсталды