Алматыда жаңа электр қосалқы станциясының құрылысы жүргізілуде

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Электрмен жабдықтау саласын модернизациялау үшін 200 мың тұтынушыны қамтитын электр қосалқы станциясының құрылысы жүргізілуде.

2024 жылдың қыркүйегінде қуаты 80 МВт болатын "Тұзды бастау" ҚС-ның құрылысын аяқтау жоспарлануда. Айта кетерлігі, сенімді және үздіксіз электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша 2040 жылға дейінгі перспективамен Алматы қаласының электр желілерін дамытудың 2030 жылға дейінгі сызбасының жобасы әзірленді.

Оған кабельдік желілерді, трансформаторлық қосалқы станцияларды, жабық тарату құрылғыларын салу және реконструкциялау кіреді. Алматы мен қалаға қосылған аумақтарды электрмен жабдықтау сызбасын әзірлеу қосымша электр қуатын қосу бойынша тапшылықты жоюға, Бас жоспарға сәйкес қаланың дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жобаны іске асырғаннан кейін тозған желілердің азаюына байланысты тұтынушыларды электрмен жабдықтау сенімділігін арттыру жоспарлануда. Еске салсақ, Алматы қаласы бойынша электр желілерінің ұзындығы – 8,6 мың км, ал электр желілерінің тозуы 65% -ды құрайды.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды