Тасымалдаушылар үшін шетелдік рұқсат қағазын алудың жаңа тәртібі таныстырылды

Сурет: pixabay
Елімізде автомобиль көлігі арқылы халықаралық бағытта жүк тасымалдаудың жаңа тәртібі таныстырылды. Жүйе жарты жылдан кейін іске қосылады деп жоспарланған.

Жоба авторларының сөзінше, Қазақстан осы салада әлемнің 42 еліне жүк тасымалдайды. Осы елдермен үкіметаралық келісім бар.

Қазір отандық тасымалдаушыларға шетелге шығу үшін рұқсат қағазы автоматтандырылған жүйемен беріледі. Алайда қолданыстағы жүйенің олқы тұстары көп, деп жазады qazaqstan.tv.

Мысалы жүргізушілерге жыл соңына дейін 200 мыңдай бланкінің біраз бөлігі беріліп қояды. Қалғаны нарықтағы еркін тасымалдаушыларға таратылып, жылдың ортасына дейін таусылып қалады.

Соның салдарынан бланкінің 40% қолданылмай қалады дейді мамандар.

Сондай-ақ, жаңа тәртіп Қазақстанда шағын және орта бизнесті дамытуды шектейтін, яғни көлеңкелі нарықта бланкілердің тапшылығын туғызатын мәселелерге тосқауыл қоймақ.

Және оларды қайта сатуға мүмкіндік беремейді дейді жобаны таныстырған көлік комитетінің өкілдері.

"Бұл жүйе өте қолайлы деп айта аламын сенімділікпен. Өйткені мұны пилоттық түрде Қытай мен Қазақстан арасында тасымалдауды енгіздік. Соның салдарынан сәуірден желтоқсан айына дейін 8 айда 50 мың тасымал 113 мың тасымалдауға ұлғайды." Селим Қуанышұлы, ҚР көлік министрлігі көлік комитеті төрағасының орынбасары
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды