Біріншісі - 550 орындық "Саялы-2" шағынауданында, екіншісі- 550 орындық "Зерделі" шағынауданында.
Айта кетерлігі, мектеп ғимараттары жоғары, орта және бастауыш сыныптарды оқытуға арналған бөлек оқу блоктарынан және жалпы аумақтардан тұрады. Жобаларда бірегей интерьер дизайны, спорт алаңдары, асханалар және т.б. қарастырылған.
Ғимараттардың техникалық жарақтандырылуы мен конфигурациясы оқу бағдарламасын дұрыс қабылдау үшін оңтайлы инсоляцияны қамтамасыз етуге және демалыс аймақтарын ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Мобильділігі төмен топтар үшін жобада арнайы лифтер қарастырылған.
Ағымдағы жылдың 2 тоқсанында Алматыда мемлекеттік мектептерге үш қосалқы нысан салу жұмыстары аяқталады. Бұлар - қажет ішкі және сыртқы инфрақұрылымы бар толыққанды ғимараттар. Мысалы, №59 гимназияның оқу ғимараты 380 орынға есептелген, ал оның жанынан 750 орындық қосалқы нысан салынуда.
Сондай-ақ, қалада 11 мектеп сейсмикалық күшейтілуде. Бүгінде 9 мектеп бойынша жұмыстар аяқталды, қалған екеуін күшейту ағымдағы жылдың маусым айына дейін жоспарлануда.
Айта кетерлігі, Алматыда барлығы 215 мектеп жұмыс істейді, оның 30 – ы Алатау ауданында.