"Майқайың-алтын" аумағындағы опырылған шұңқырдан жұмысшылардың жеке заттары, автобус бөлшектері табылды

Сурет: pavlodarnews.kz
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, "Майқайың-алтын" АҚ тау-кен аумағында іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Автобус жатуы мүмкін жерге арнайы техниканың кіруі үшін өткелді тереңдету жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осы уақытқа дейін барлығы 200 мың тоннадан астам топырақ пен тау жыныстары шығарылды.

"Сағат 14:45-те "Майқайың-алтын" АҚ аумағындағы опырылған шұңқырдың түбіне шағын көлемді экскаватор түсірілді. Жұмыстар асқан сақтықпен және шұңқырдың бүйір қабырғаларының құлау қаупінің сақталуына байланысты барлық қауіпсіздік шарасын сақтай отырып жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады облыс әкімдігі.

Жұмыстарды жүргізу кезінде жұмыс құжаттатары және жол-сапар журналы бар құтқарушылардың сөмкесі, сондай-ақ, мемлекеттік тіркеу нөмірі бар автобустың шанақ бөлшегі табылды.

Автобустың болжамды орналасқан жеріне дейінгі топырақты қазып алу міндеті қойылған шағын экскаватордың жұмысы аяқталғаннан кейін мамандар оны жоғары көтеру жұмыстарын бастайды.

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды