Қазақстандықтар автокөліктердің VIP нөмірлерін алуға 10 миллиард теңге жұмсаған

Сурет: gov4c.kz
2023 жылы қазақстандықтар көліктерінің VIP нөмірлерін алуға 10 миллиард теңгеден астам қаражат жұмсаған, деп хабарлайды Zakon.kz "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына сілтеме жасап.

2024 жылдың 18 қаңтарындағы есеп бойынша, мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары жыл ішінде 30 мыңға жуық сұранысқа ие мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін берген.

"Көлік иелері олар үшін 10 миллиард теңгеден астам төлеген. Салыстырмалы түрде айтсақ, 2022 жылы қазақстандықтар VIP нөмірлерге 7 миллиард теңгеден астам ақша жұмсаған". "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы

Мамандар 2023 жылы ең жылдам сатылатын нөмірлер 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707 болғанын түсіндірді. Әр нөмірдің бағасы 57 АЕК (210 444 тенге) құрайды.

"VIP желісіндегі ең қымбат нөмірлер – 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 бірдей әріптері бар. Мұндай нөмірлердің әрқайсысы көлік иесіне 285 АЕК (2024 жылы - 1 052 220 теңге) тұрады".  "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы

Айта кетейік, "әдемі" нөмірлерді сату тәжірибесі Қазақстанда 2014 жылы енгізілген.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды