Қызылордада 25 үйді тонаған ұры ұсталды

Сурет: Zakon.kz
Қызылордада әккі ұры қолға түсті. Полиция жасағы оны қаладағы пәтерлердің бірін тонау барысында ұстап алған.

Күдікті 26 жастағы Түркістан облысының тұрғыны болып шықты.

Тергеп-тексеру барысында оның облыс аумағында 25 үйді үптеп кеткені анықталған, деп жазады qazaqstan.tv.

Дәлелді зат ретінде алтын әшекей бұйымдар мен бағалы заттар айғақ ретінде тәркіленген.

Әзірге анықталған дерек бойынша ұры тұрғындарға 19 миллион теңге көлемінде материалдық шығын келтірген.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Алматы мен Шымкентте күн жылынады: ауа температурасы +25 градусқа дейін көтеріледі

Бес елдің ғалымдары Аралды қалпына келтірудегі фосфогипстің әлеуетін бағамдады