Өзбекстанда АИ-80 маркалы бензинге тыйым салу ұсынылды

Сурет: Zakon.kz
Өзбекстанда АИ-80 маркалы бензинді пайдалануға тыйым салынбақ. Сондай-ақ көмір мен мазут жағуды шектеу қолға алынып жатыр.

Мұның барлығы ауаның тазалығын қорғау мақсатында жасалған шаралар, деп жазады qazaqstan.tv. 

Экология министрлігі "Еуро-4" стандартынан төмен санаттағы АИ-80 маркалы бензинді қолданыстан алып тастауды ұсынып отыр. Жылу және электр станцияларының мазут пен көмірді жағуына да шектеу қойылуы мүмкін.

Қарбалас уақытта жүк көліктерінің қозғалысын азайту шаралары жан жақты қарастырылып жатыр. Көлік жүргізу ережесін "тақ және жұп" күндерге бөлу тәжірибе ретінде енгізілуі мүмкін. Мақсат атмосфераның ластануын тежеу.

Атмосфераны ластайтын көздерді қадағалау үшін арнайы бекеттердің жұмысы жанданып, қоршаған ортаны бақылайтын автоматты станциялар орнатылады. Кептелісті азайту және қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Ташкент қаласы аумағында жүк тасымалдауға арналған салмағы 3,5 және 12 тоннадан асатын ауыр көліктердің жүрісі шектеледі.

Есесіне, электромобильдерге көшкен азаматтар түрлі жеңілдіктерге ие болып, оларға субсидия беру көзделген.

Өзбекстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды