Жетісу облысында балабақша бухгалтері 7,5 жылға бас бостандығынан айырылды

Сурет: pixabay
Жетісу облысы Ақсу аудандық соты ҚР ҚК 189-бабының 4-бөлігі 2-тармағы - сеніп тапсырылған бөтен мүлікті аса ірі мөлшерде иемдену немесе талан-таржға салу фактісі бойынша қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Азаматша Д. Ақсу ауданының мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының (балабақша, МКҚК) бухгалтері лауазымында жұмыс істеген. МКҚК-да жұмыс істеген кезде балабақшадағы топтардың жетпеуіне байланысты қызметкерлерге еңбекақы төлеуге бөлінген ақша қаражатын үнемдеу қалыптасқан.

"Д. бухгалтер бола жүріп, МКҚК-дегі өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, 2021 жылғы қаңтар айынан бастап "Онлайн банкинг" банк жүйесінде төлем тапсырмаларын орындау жолымен "Қазақстан Халық банкі" АҚ-дан өзінің карточкалық шотына ақша қаражатын жөнелткен. Қылмыстық іс-әрекет осындай жағдайлар бойынша 2023 жылдың ақпан айына дейін жалғасқан". Жетісу облысы Ақсу аудандық сотының баспасөз қызметі

Сот-экономикалық сараптаманың қорытындыларына сәйкес - азаматша Д. жалақы түрінде 2021 жылдың басынан 2023 жылдың ақпанына дейінгі кезеңде өзінің есеп шотына шамамен 39,5 миллион теңге аударған. 

"Сот қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайларды – кінәні мойындауын, шын жүректен өкінуін, залалды ішінара өтеуін және онкологиялық ауруының болуын ескере отырып, ҚК-ның 189-бабының 4-тармағының 2-тармағы бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін Д.-ны кінәлі деп таныды және оған 7 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Жәбірленушінің 38,5 миллион теңге сомасы көлеміндегі талап қоюы толық көлемде қанағаттандырылды". Жетісу облысы Ақсу аудандық сотының баспасөз қызметі

Үкім заңды күшіне енбеді.  

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі