Рөлде 17 жастағы жігіт отырған: Шымкентте полициядан қашып кетпек болған жүргізуші ұсталды

Сурет: polisia.kz
Шымкенттік патрульдік полицейлер түнгі уақытта Төреқұлов көшесінің бойында жарық шамын қоспай жүріп бара жатқан Toyota Camry 75 маркалы автокөлігін тоқтатты. Алайда ол полицейлердің заңды талабына бағынбай, жылдамдықты асырып, қашып құтылуға тырысқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицейлер жол апаты жағдайларының алдын алып, оны дереу құрықтау үшін барлық қажетті шараларды қабылдады. Нәтижесінде, заң бұзушы Тәуке хан даңғылының бойында ұсталды, деп жазды otyrar.kz.

Тексеру барысында оның кәмелет жасқа толмағаны анықталды.

Аталған жайтқа қатысты әкімшілік кодекстің "Көлік құралын басқару құқығы жоқ адамның полицияның заңды талабына бағынбауы", "Бағдаршамның тыйым салатын сигналына қарамай өту", "Жүргізушінің авариялық жағдай туғызуға әкеп соққан, жол жүру қағидаларын бұзуы" және "Көлік құралын басқару құқығы жоқ адамның қарсы бағытқа шығуы" бойынша хаттамалар толтырылды.

Көлік айыптұраққа қамалды.

Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Қазақстанда күн −18°С-қа дейін суытады

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады