Елордада алаяқ үй алып беремін деп тұрғынды алдап кеткен

Сурет: Zakon.kz
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Сарыарқа ауданы криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері 35 жастағы елорда тұрғынын анықтады.

Полицияға Астана қаласының тұрғыны арызданып, баспананы төлеуге қабілетті адамдар санына жатпайтындығын біліп және бағдарлама бойынша іске асырылатын жаңа тұрғын үйді пайдалануға алып беремін деп уәде берген алаяқтың құрбаны болғандығы туралы арызданған.

Әйел адам елорда тұрғынының ақшасын алаяқтық жолмен иемденіп алған. Күдікті жәбірленушінің сеніміне кіріп, қызмет көрсетуге көмектесетін таныстары бар екенін айтып сендіргені анықталды. Жәбірленушіге келтірілген шығын 900 мың теңгені құраған.

Қазіргі уақытта аталмыш факт бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабы 1-бөлігімен (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Полиция қызметкерлері осы азаматшаның арбауына түскен жәбірленушілердің саны тағы да көбеюі мүмкін екендігін жасырмады. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз