Қазақстан бойынша теледидар мен радио өшіріледі

Сурет: unsplash
Қазақстан бойынша 2024 жылғы 24 қаңтарда теледидар мен радио 14 сағатқа өшеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оған себеп – осы жылдың бірінші тоқсанына жоспарланған жөндеу жұмыстары.

"Қазтелерадио" АҚ үздіксіз және сапалы телерадио хабарларын таратуды қамтамасыз ету мақсатында спутниктік, цифрлық және аналогтық жерүсті желілерінің техникалық құралдары бойынша қызметтерді тоқтатып, тоқсан сайын жоспарлы профилактикалық жұмыстарды жүргізеді. Осыған байланысты біз 24 қаңтарда сағат 3:00-ден 17:00-ге дейін (Астана уақыты бойынша) телерадио хабарларын таратуды тоқтатып, профилактикалық жұмыс жүргізілетінін мәлімдейміз", - деп хабарлады Zakon.kz тілшісіне "Қазтелерадио" АҚ баспасөз қызметі.

Ұлттық оператор уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Ақмола облысында газбен жабдықталған жүк көлігі отқа оранды

"Аптап ыстық, дауыл, найзағай": Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Тоқаев мәдениет саласында стипендиялар тағайындады

Дастан Сәтбаев "Челси" клубынан "Бернлиге" жалға берілуі мүмкін