Ақылбек Күрішбаев Ұлттық ғылым академиясының президенті болды

Сурет: Қазақ ұлттық өнер академиясының баспасөз қызметі
Ақылбек Күрішбаев Ұлттық ғылым академиясының президенті болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Мемлекет басшысының өкімімен Ақылбек Қажығұлұлы Күрішбаев Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының президенті лауазымына тағайындалды", - делінген Ақорданың сайтында жарияланған құжатта.

Ақылбек Күрішбаев 1961 жылы 13 сәуірде Алматыда дүниеге келген. Қазақ ауыл шаруашылығы институтын бітірген.

Еңбек жолын Талғар ауданаралық арнайы шаруашылық бірлестігінде комбайншының көмекшісі болып бастаған.

Әр жылдары А.И. Бараев атындағы Қазақ астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының директоры, ауыл шаруашылығы вице-министрі, Ауыл шаруашылығы министрлігі Ғылым департаментінің директоры, ауыл шаруашылығы министрі, Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің (ҚазАТУ) ректоры қызметтерін атқарды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы – онлайн-трансляция

Қарағандыда жол апатынан 18 жастағы бойжеткен көз жұмды

"Түнде қар, күндіз жаңбыр жауады". Еліміз бойынша 28 қазанға арналған ауа райы болжамы

Жалға алынған жерді жеке меншікке рәсімдеу тәртібі бекітілді

"Күн суытып, үсік жүреді". Сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды