"Мас қызбен сүйістім": павлодарлық полицейлер заң бұзған жүргізушіні ұстады

Сурет: Zakon.kz
Павлодарлық полицейлер мас күйде көлік басқарған азаматты ұстады. Ол өзін ақтап алу үшін мас қызбен сүйіскенін айтты.

Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері тәулік бойы рейдтік іс-шараларды жүзеге асырады. Жыл басынан бері ғана қызмет инспекторлары мас күйінде автокөлікті жүргізудің 43 дерегін анықтады.

Жүргізушілер өздерін ақтап алу үшін әрдайым жаңа және қызық себептер ойлап табады.


"Мысалы, Естай – Н.Назарбаев даңғылының қиылысында сағат таңғы 5 шамасында ВАЗ маркалы автомашина тоқтатылды. Әңгіме барысында жүргізушіден алкогольдің өткір иісі шықты. Медициналық куәландыруда болған жүргізуші біраз уақыт бұрын түнгі клубта болған кезде мас қызбен 40 минут сүйіскенін түсіндірді. Ақталғанына қарамастан, сараптама жүргізушінің мас болғанын растады. Жүргізушіге қатысты мас күйінде автокөлікті жүргізгені үшін әкімшілік материал толтырылды", – деп хабарлады Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.

Материал қаралды, сот қаулысымен жүргізуші 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынып, жүргізуші куәлігінен айырылды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Алматы, Астана, Шымкент: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Qazaqstan Barysy-2026 супертурнирінің ширек финалына шыққан балуандар анықталды

Тоқаев мәдениет саласында стипендиялар тағайындады

Грек-рим күресінен Германиядағы Гран-при турнирі: Қазақстан алты алтын медаль ұтып алды