Қазақстанның көптеген қалаларында қолайсыз ауа райы күтілуде

Сурет: Zakon.kz
"Қазгидромет" синоптиктерінің хабарлауынша, сәрсенбіде, 24 қаңтарда ауаның ластану жағдайлары күндіз Қарағанды, Теміртау қалаларында, тәулік бойы Астана, Алматы, Шымкент, Өскемен, Риддер, Павлодар, Петропавл қалаларында байқалады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қолайсыз ауа-райы жағдайлары (ҚАЖ) – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тыныш, аз жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚАЖ пайда болған кезде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.

Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі синоптикалық жағдайды болжау (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы).

Бұған дейін Қазақстан Республикасының 10 облысында қарлы боран мен тұманға байланысты дауылды ескерту жарияланған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды