Ақтауда медициналық мекеменің 33 қызметкері ұзақ уақыт бойы жалақысын алмаған

Маңғыстау облысының прокуратурасының мәліметінше, медициналық орталықтың жұмысшыларына еңбекақы бойынша берешек өндірілді.

Қадағалау жүргізу барысында Ақтау қаласындағы медициналық орталығы ұзақ уақыт бойы еңбек инспекцияның жалақы бойынша берешекті төлеу туралы нұсқамасын орындамағаны анықталды.


"Осы негізде, облыс прокуратурасы 2023 жылдың 8 айда жиналған 7 млн. теңгеге 33 жұмысшыға жалақы бойынша берешекті төлетуге мәжбүрлеу шараларын қабылдады." Маңғыстау облысының прокуратурасы

Атқарушылық құжатты уақтылы орындамағаны үшін ҚР ӘҚБтК 669-бабының 1-бөлігі бойынша медициналық орталық директорына 103 500 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Прокуратура еңбек қатынастары шеңберіндегі міндеттемелерді орындамаудың құқықтық салдары туралы ескертеді.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: