Қуат Хамитов Алматы облысындағы колонияға барды

Сурет: ҚР ІІМ
Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД №12 мекемесіне мерекелік концертпен танымал әншілер мен спортшылар келді.

Аралас жекпе-жектің спорт шебері және MMA файтері Қуат (Найман) Хамитов сотталғандар арасында спорт пен салауатты өмір салтын насихаттап сұхбат өткізді, ал танымал эстрада жұлдыздары Серікбол Сайлаубекұлы, Қазыбек Әдікей, Болатбек Досыбаев, Асқар Жанұзақов және Еркебұлан Махмұт өз концерттік бағдарламаларымен қауіпсіздігі барынша жоғары колониясында концерттік бағдарлама өткізді.

Іс-шара қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі жағдайды сауықтырудың 2023-2025 жылдарға арналған Жол картасын жүзеге асыру шеңберінде ұйымдастырылды.

Қазақтың туын желбіретіп жүрген спортшы мен эстрада жұлдыздарына екінші дәрежелі мүгедек сотталған Оралбек Омыров өзінің шығарған өлең шумақтарын арнап, мекеме атынан алғыс білдіріп, батасын берді.

"Бүгін міне, ҚР Премьер-Министрінің ҚАЖ мекемелеріне арналған Жол картасы аясында Заречныйдағы мекемелердің біріне келдік. Тағдыр тәлкегіне түсіп жазаларын өтеп жатқан бауырларымызбен сұхбаттасып, қолдау көрсеттік. Бұл жерде талантты, мықты батыр ер азаматтар аз емес, оларға отбасыларына оралуларын тілейміз", – деп атап өтті Қуат Хамитов.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды