Алматыда таңертең неге метро жұмыс істемегені белгілі болды

Сурет: Zakon.kz
Алматы метрополитені 26 қаңтар күні таңертең қаладағы метроның неліктен жұмыс істемегені айтылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"26 қаңтар таңғы уақытта Райымбек бекетінде ақпараттық байланыс желісінің жұмысында ақау табылуына байланысты метро пойыздары қолмен басқару режиміне ауыстырылды. Осы орайда барлық бекеттерде пойыздардың жүріс интервалы уақытша ұзарды. Бұл метродағы жүру қауіпсіздігіне еш әсер еткен жоқ", - деп жазылған ресми хабарламада.

Мамандар жұмыс жасап, көп ұзамай үйреншікті интервал қайта қалпына келтірілді. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз.

Бұған дейін әлеуметтік желіде видео пайда болған. Кадрларда метро маңында көп адам тұрғанын көруге болады.


"Бүгін таңғы сағат 7:30-да метро жұмыс істемеді, көп адам жиналды. Себебін білмеймін", - делінген видеоның астында.

Бұған дейін Алматыда 2030 жылға қарай үш жаңа метро станциясы пайда болатыны белгілі болған еді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

30 қазандағы доллар, еуро және рубль бағамы: үш қаладағы айырбас курсы

Енді қазақстандықтар бес елде QR-код арқылы төлем жасай алады

Түркі әлемінің әуені мен Димаштың өнері: Тоқаев Түркияда концерт тамашалады

Конституциялық сот тұрғын үй төлемдерін қайта алуға тыйым салуды заңды деп таныды

Қазақстанда шетелге жұмысқа жіберу тәртібіне қатысты жаңа талаптар әзірленіп жатыр