"Іс-шараның бірінші күнінде бөтен адамдардың көліктерін ұрлаудың төрт дерегі анықталды, оның ішінде Toyota Camry көлігі де бар. Ол Мамыр шағын ауданындағы үйлердің бірінің ауласынан ұрланған болатын. 26 жастағы күдікті ұсталды, көлік аман-есен иесіне қайтарылды. Сонымен қатар досымен бірге клиенттің көлігімен қыдыруға бел буған ТЖО қызметкері 20 жастағы М.есімді азамат көлік ұрлағаны үшін ұсталды. BMW көлігі Қонаев қаласына бара жатқан жолда тоқтатылды", – дейді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.
ҚР ҚК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.
ҚР Конституциясының 77 бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.