Ақтөбеде теракт қаупінен 50 мыңға жуық бала мектепке бара алмай қалды

Сурет: "Мой город"
Ақтөбеде теракт қаупінен кейін 50 мың бала мектепке бармай қалды, бұл - тек бірінші ауысымдағы оқушылар, деп хабарлайды Zakon.kz "Мой город" басылымына сілтеме жасап.
"26 қаңтарда Ақтөбеде бірінші ауысымда 57 924 баланың 8 558-і ғана сабаққа барған. Жалпы облыс бойынша 119 мектеп бар. Бір күн бұрын әлеуметтік желіде жарияланған қоқан-лоққылар ата-аналарды әлі де үрейлендірсе керек" - деп жазды басылым.

Полиция мектептердегі ахуалды бақылауға алды. Жергілікті билік өкілдері, полиция және мұғалімдер ата-аналардан сабыр сақтауды, үрейленбеуді және жалған ақпаратқа сенбеуді өтінді.

Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі