Қар шығару мәселесі ерекше бақылауда - Алматы әкімі

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алмалы ауданының тұрғындарымен кездесу барысында мегаполис басшысы қар шығару жұмыстарына қатысты түсініктеме берді.
"Біз алгоритмді қайта қарастырдық. Қар шығару барысын жақсарту жұмыстары жалғасып келеді. Бұл мәселені күн сайын өзім бақылап отырамын", - деді Ерболат Досаев.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін түнде Алматыда қар шығару үшін 416 бірлік арнайы техника мен 268 жұмысшы жұмылдырылды.

154 бірлік шағын көлемді техниканың күшімен тротуарлар мен жалпы пайдаланылатын орындар механикаландырылған түрде тазаланып, қоғамдық көлік аялдамалары мен жер үсті өткелдерінде қар қолмен күрелді.

Аудан әкімдіктерінде жұмысты бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

Жасанды бал сатқандарға 20 тамыздан бастап қомақты айыппұл салынады

Отбасы шешімі өзгеге өмір сыйлады: Маңғыстау облысында науқасқа жүрек трансплантациясы жасалды

Президент Құрылтайдың бірінші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды