"Қымыз іштім": Шымкентте мас жүргізуші бағдаршамды құлатып, көлікті соққан

Сурет: Zakon.kz
Шымкентте жүргізуші куәлігінен айырылған мас жүргізуші бағдаршамды құлатып, көлікті соққан.

ЖКО тапа-тал түсте Рысқұлов пен Қазиев көшелерінің қиылысында болды. Alphard басқарған мас ер адам бағдаршамды соғып, кейін артымен жүріп, жол үстінде келе жатқан Toyota Camry көлігімен соқтығысқан. Апат ЖБО камераларына түсіп қалған.

Бейнебақылау инспекторлары оқиға орнына патрульдік автоэкипажды жолдады. Өзін біртүрлі ұстаған жүргізушіні тәртіп сақшылары алкоголь тұтануын тексеру үшін медициналық куәландырудан өтуін сұрады.

Жауабында құқық бұзушы өз әрекетін "мен тек қымыз іштім" деген сөздермен ақтауға тырысты.

Оның орташа масаң күйде болғаны анықталды. Қала тұрғыны мұндай жағдайда рөлге бірінші рет отырмағаны белгілі болды.

Ол 1,5 жыл бұрын ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша жүргізуші куәлігінен айырылған. Қазір азаматқа қатысты Қылмыстық кодекстің бабы бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Ол өзгенің көлігі мен жол құрылысжайын бүлдіруге алып келген көлік құралын басқару құқығынан айырыла тұрып, масаң күйде тізгіндегені үшін бірнеше жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді