Саяси қуғын-сүргін құрбандарына қатысты құпия болған құжаттар барлық адамға қолжетімді

Сурет: pixabay
Саяси қуғын-сүргін құрбандарына қатысты құпия болып келген құжаттар енді барлық адамға қолжетімді. Алматыдағы Президент архивінде осы уақытқа дейін 600 мың құжат болса, екі жылда жаңадан 700 мың құжат қосылған.

Бұл мемлекеттік комиссия жұмысының нәтижесі, - деді Мәжіліс депутаты Айдос Сарым. Жария болған деректердің көбі 20 ғасырдың алғашқы жартысына жатады.

Оларды жаңартып, цифрландыру қажет. "Бастысы ғылыми айналымға енуі керек", - дейді депутат. Оның пікірінше, бізде әлемдік деңгейдегі электронды портал болуы керек.

Әр адам өзінің ата-бабасын, туған-туысқанын іздеп-таба алатын жағдайға жеткізу қажет. Қазір қуғын-сүргін құрбандарына қатысты ауқымды жұмыстар жүріп жатыр, деп жазады qazaqstan.tv.

Бірнеше ғылыми-зерттеу жұмыстарына қаржы бөлінген.

"Осы совет үкіметіне қарсы көтерілстер болды. Дүмпулер және басқалары болды. Осыған қатысқан азаматтар қазір толыққанды ақталып жатыр. Сол сияқты категориялар бар. Кезінде қуғындалған азаматтар бар. Басқа дегендей. Заңды, заңсыз тұрғыда. Осылардың барлығы санат ретінде ақталып жатыр." Айдос Сарым, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі