Ұлттық банк Қазақстанда қандай банкноттардың жиі қолдан жасалатынын айтты

Сурет: Zakon.kz
Қазақстан Ұлттық Банкі мен екінші деңгейлі банктер 2023 жылы 649 100 теңгеге барабар 181 жалған ақша белгісін анықтады. Оның 179-ы – банкнота, екеуі – монета, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық банктың мәліметінше, бұл көрсеткіш 2022 жылмен салыстырғанда 53,7%-ға аз (1 237 250 теңгеге барабар 391 жалған ақша белгісі).

Жалған ақша белгілерінің номиналдарына жасалған талдау жұмыстарынан мына банкноталардың қолдан көп жасалатыны белгілі болды: 5000 теңге – 68 дана (жалпы анықталған жалған ақша санының 37,6%-ы), 2 000 теңге – 58 дана (32%).

Сурет: ҚР Ұлттық банкі

Қолдан жасалған ақшалардың көп мөлшері Алматы қаласы мен Алматы облысында анықталды – 124 дана немесе жалпы санының 68,5%-ы. Қалған өңірлерде 57 дана немесе жалпы санының 31,5%-ы.

Қазақстанда жалған банкноталар көбіне компьютерлік техниканы, қарапайым түрлі түсті принтер мен офсеттік қағаздарды қолдану арқылы жасалады. Ақшаны қолдан жасаушылар визуалды қорғаныш элементтерін мейілінше ұқсатып жасауға тырысады.

Сурет: ҚР Ұлттық банкі

Сурет: ҚР Ұлттық банкі

Сурет: ҚР Ұлттық банкі

Жалған ақшаны түпнұсқадан қалай ажыратуға болатыны туралы ақпаратпен ҚҰБ-тың ресми сайтында немесе ҚҰБ-тың YouTube-тегі ресми аккаунтында танысуға болады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты