Қызылордада заңсыз балық аулаудың 54 дерегі тіркелді

Сурет: ҚР ІІМ
Қызылорда полицейлері "Браконьер" іс-шарасы барысында заңсыз балық аулаудың 54 дерегін анықтады.

1-29 ақпан аралығында облыс көлемінде "Браконьер" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.

Іс-шараның басты мақсаты – табиғат қорғау заңнамасын бұзушылықтарды, биологиялық ресурстар объектілері мен өнімдерінің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу, экологиялық қылмыстарды ашу. Жүргізілген рейдтік шаралар барысында полицейлер 73 құқық бұзушылықты анықтады, оның бесеуі қылмыстық іс және 68-і – әкімшілік құқық бұзушылық.

Оның ішінде заңсыз балық аулаудың – 54 , балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзудың – 4, тіркелмеген қаруды заңсыз сақтаудың – 7, аңшылық қаруды сақтау ережесін бұзудың үш дерегі анықталды.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Алматы мен Шымкентте күн жылынады: ауа температурасы +25 градусқа дейін көтеріледі

Бес елдің ғалымдары Аралды қалпына келтірудегі фосфогипстің әлеуетін бағамдады