Қарағанды полицейлері аса ірі мөлшерде "синтетика" тасымалдаған азаматты ұстады

Сурет: ҚР ІІМ
Қарағанды облыстық ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің өкілдерімен бірлескен жұмыстарының нәтижесінде Қарағанды қаласында аса ірі мөлшерде есірткі сақтады деген күдікпен 34 жастағы Алматы облысының тұрғынын ұстады.

Күдіктіге қатысты жүргізген тінту жұмыстары барысында 171 орам ұнтақ тәрізді заттар тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген заттардың жалпы салмағы 191 грамм қатты әсері бар синтетикалық есірткі заты екені белгілі болды.

Ұсталған азамат Қарағанды қаласына есірткіні жасыру арқылы сатуға келгенін мойындады.

Есірткі заттарын ол Алматы қаласында көтерме сауда бағасымен алып, кейін мыңнан аса жазылушысы бар әлеуметтік желісі арқылы Қарағанды және Жезқазған қалаларында сатқан.

Қазіргі уақытта аса ірі көлемде есірткі сату дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдіктіге қатысты қамауға алу бұлтартпау шарасы қабылданды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі