Қостанай облысында күйеуін "қорғамақ" болған әйел полицейлерге соққы жасаған

Сурет: видео скрині
Қостанай облысында қарлы боран, екпінді желден жүргізушілерге жолды көру қиынға соғып тұр. Барлығы 6 республикалық және 12 облыстық автожол жабылды.

Жабық учаскелерде 500-ге жуық көлік болды. Облыс бойынша 30 жол апаты тіркелді. Зардап шеккендер жоқ. Материалдық шығын келтірілді.

Polisia.kz Қарабалық кентінің тұрғыны полицейдің заңды талаптарына бағынбаған сәті түсірліген видеоны жариялады. Ал оның әйелі полицейлерді қорлап, дене жарақатын салған.


Осы факті бойынша қылмыстық және әкімшілік іс қозғалды. Сағат 10:00-де аумақты аралау кезінде полицейлер дүкеннен мас күйінде шыққан ауыл тұрғынын байқады. Оның қолында алкогольді өнім салынған бар пакет болған.

"Ер адам тоқтау туралы талапқа бағынбай, қаша жөнелген. Әйел күйеуін жақтап, полиция қызметкерлерімен сөйлесу кезінде оларды қорлай бастады. Ол тәртіп сақшысының бас киімін жұлып алып, телефонмен басына соққы жасады. Екіншісінің бетінен де соққан. Ерлі-зайыпты агрессивті болды. Сараптама ауыл тұрғынында мас болудың "орташа дәрежесін" көрсетті. Қостанай облыстық ПД-да дүкенде алкогольді өнім тыйым салынған уақытта сатылу дерегі бойынша да тексерулер жүргізіліп жатқанын атап өтті".Polisia.kz
Қостанай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Қазақстанда МӘМС жүйесіндегі миллиардтаған теңгенің алаяқтық схемалары әшкереленді

МӘМС реформасының жиынтық экономикалық әсері жүздеген миллиард теңгені құрайды

Қазақстанда МӘМС жарналарын төлеу және сақтандырылған тұлғаларды есепке алу қағидалары жаңартылды