Семейде ұсталған адамды азаптады деген күдікпен полиция қызметкері қамауға алынды

Сурет: Zakon.kz
Семейдегі орталық полиция бөлімінің қызметкері қамауға алынды. Ол ұсталған адамды қылмыс жасағанын мойындату мақсатында "азаптады" деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл іс Қылмыстық кодекстің 146-бабының 3-бөлігі 1-тармағы (Азаптаулар, яғни лауазымды адамның тән зардабын және (немесе) психикалық зардапты қасақана келтіруі) бойынша тіркелді. 

2024 жылғы 26 қаңтарда Абай облысының прокуратурасы күдіктіні уақытша ұстау изоляторына қамады.

"Облыстың мамандандырылған тергеу соты күдіктіге қатысты 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатыр". Абай облысының прокуратурасы

ҚПК-тің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес, басқа ақпарат жария етілмеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

1 қарашада қай өңірлерде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды

Асыл Айтақын күрестен әлем чемпионатында қола жүлдеге бір қадам жетпей қалды

Алғашқы финал: Нұрқожа Қайпанов күрестен әлем чемпионатының алтын медалі үшін бақ сынайды

Тоқаев Марокко мен Кубаға жаңа елшілерді тағайындады: олар туралы не белгілі

Марат Байқамуров дзюдодан Grand Slam турнирінің қола жүлдесі үшін белдеседі