Асы обсерваториясының маңында қар көшкіні өздігінен түсіп, жолды жауып қалды

Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында 11 ақпанда сағат 09:10-да тау баурайында жалпы көлемі 67,5 текше метр қар көшкіні өздігінен түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қар көшкіні облыстық маңызы бар "Түрген ауылы - Батан" автожолын бөгеген. Автожолды тазарту жұмыстарын "Қазселденқорғау" қызметкерлері жүргізіп жатыр.

Түрген өзенінің арнасы бойынша су кедергісіз өтіп жатыр. Зардап шеккендер жоқ, ештеңе қирамаған.

"Азаматтардың қауіпсіздігі және автокөліктің жол қозғалысы мақсатында жолдың осы учаскесі бойынша жол 2024 жылғы 1 мамырға дейін Есік қ.- Есік көлі және Түрген автожолының 15-шақырымынан 41-шақырымына және Түрген ауылы-Батан-Асы обсерваториясы автожолының 20-шақырымынан 41-шақырымына дейін жабылды".Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Бибісара Асаубаева Үндістандағы Global Chess League турнирінде алғаш рет жеңіске жетті

Астана, Алматы және Шымкенттегі 11 қыркүйектегі валюта бағамы

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді