Синоптиктер 11 өңірде тұман мен көктайғаққа байланысты ескерту жасады

Сурет: freepik
"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 12 ақпанда бірнеше өңірдегі қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жетісу облысының орталығында, таулы аудандарында жауын-шашын (көбінесе қар) мол түседі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында көктайғақ, тұман, жаяу бұрқасын болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні секундына 17-22 метрге жетеді.

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ.

Алматы облысының таулы аудандарында жауын-шашын (көбінесе қар) мол түседі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман, көктайғақ. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында секундына 18-23 метрге жетеді.

Алматыда кей уақыттарда тұман, көктайғақ болады.

Түркістан облысының орталығында, тау бөктерлі аудандарында тұман, көктайғақ болады. Облыстың таулы аудандарда жаяу бұрқасын. Шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында күші – 15-20 м/с. қ.

Шымкентте кей уақытта тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады, облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі. 

Қызылорда облысының батысында, орталығында тұман, күндіз облыстың батысында көктайғақ болады.

Шығыс Қазақстан облысының шығысында, оңтүстігінде бұрқасын, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні – 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды