Әлемде 6 мыңға жуық қар барысы қалған

Сурет: pixabay
Қар барысын қорғауды бірнеше мемлекет бірігіп қолға алады. Өзбекстанның Самарқан қаласында бас қосқан сарапшылар әлемде сирек кездесетін аңды сақтап қалудың жаһандық бағдарламасын жүзеге асыруға уағдаласты.

Жиынға қазақстандық экологтар да қатысты. Әлемде 6 мыңға тарта қар барысы қалған. Сирек кездесетін аң халықаралық Қызыл кітапқа енген.

Таулы аймақты мекендейтін барыс әлемнің 12 елінде кездеседі. Соның бірі - Қазақстан. Жаһандық жылыну мен мұздықтардың еруі салдарынан барыстар жүретін экожүйе тарылып барады, деп жазады qazaqstan.tv.

Сондықтан ынтымақтаса әрекет етудің маңызы зор.

Барыс мекендейтін елдердің экология министрлері мен халықаралық қаржы ұйымдарының өкілдері бірлесіп, қар барысын қорғау бойынша қарар қабылдады.

"Қазақстанда қар барысының тұрақты өсімі байқалады, бұл қуантарлық жағдай. Қазір елімізде барыстардың саны 190-ға жуықтайды. 15 қорық пен ұлттық саябақтарды мекендейтін бұл жабайы аң мемлекеттің ерекше қорғауында. Қар барысының популяциясын сақтау бойынша жүргізілген шаралар оң нәтижесін беріп келеді." Алексей Грачев, ҚР ҒЖМ зоология институтының өкілі, қар барысын бақылау орталығының жетекшісі
Қазақстан
Өзбекстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды