Алматыда есірткінің заңсыз айналымына қатысты 12 қылмыс ашылды

Сурет: Zakon.kz
Алматыда "Тосқауыл" іс-шарасы кезінде есірткінің заңсыз айналымына қатысты 12 қылмыс ашылды.

Қалада есірткіге қарсы құқық бұзушылықтың алдын алу және анықтау бойынша қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін арттыру мақсатында "Тосқауыл" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Іс-шара кезеңінде есірткінің заңсыз айналымына қатысты 12 қылмыс ашылды. 8 келіден астам есірткі тәркіленді, оның 7 келіден астамы – синтетика.

"Арнайы іс-шара нәтижесінде 31 жастағы азамат ұсталып, одан аса ірі көлемде есірткі заттары, атап айтқанда 500 грамнан астам кокаин, 400 грамм МДМА есірткісі және 31 граммнан астам мефедрон табылып, тәркіленді. Күдікті қамауға алынды. Сонымен қатар іс-шара кезеңінде есірткі зертханасы жойылды, онда жалпы салмағы 1 келіден асатын сатуға дайын тұрған "мефедрон" өнімдері табылды. Зертханалық құрал-жабдықтар мен синтетикалық есірткі өндіруге арналған түрлі прекурсорлар тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына қосылды", – деді, Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.
Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Қазақстанда кредит қайта кешіріле ме