Педофилдер мен лаңкестерге Қазақстанға кіруге тыйым салынады

Сурет: pixabay
Педофилдер мен лаңкестерге Қазақстанға кіруге тыйым салынады. Мәжіліс көші-қон туралы заңнамаға енгізілген өзгерістерді қабылдады.

Құжатты Сенат қарауына жіберді. Оған сәйкес, қылмыскерлердің шекарадан өтпеуі үшін мемлекеттік бақылау күшейтіледі. Оларға Қазақстан азаматтығын алуға да тыйым салынады.

Бұдан бөлек, шетелдіктерге ел аумағында жұмыс істеуге рұқсат беру шарттары өзгермек. Жұмыс істеу мерзімі 12 айға дейін ұзартылады, деп жазады qazaqstan.tv.

"Мынау жасөспірімдердің, мынау кәмелеттік жасқа толмаған балаларға қатысты жыныстық сипаттағы қылмысқа, былайша айтқанда педофилдерге біздің елге кіруге болмайды. Бұны Ұлттық қауіпсіздік қызметі, комитеті, ішкі істер министрлігі, одан бөлек, барлық осы бағытта жұмыс жүргізетін болады." Жарқынбек Амантайұлы, ҚР Парламенті Мәжілісінің Депутаты
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Жамбылда шибөрілер ауыл ішіне кіре бастады

Жоғары аудиторлық палата мүшелері тағайындалды – Тоқаевтың жарлықтары жарияланды

Тоқаев Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігін құру туралы жарлыққа қол қойды

Мемлекет басшысы "Жасанды интеллект туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды