Ақтөбе қаласы аумағында "Есептегі элемент" республикалық жедел алдын алу іс - шарасы өткізілуде

Сурет: Ақтөбе қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Ақтөбе қаласы аумағында құқық бұзушылық профилактикасының жалпы жүйесінде негізгі және маңызды бағыт және алынбаған соттылығы бар адамдар тарапынан қылмыс жасаудың алдын алу болып табылады.

2024 жылғы 12 - 20 ақпан аралығында Ақтөбе қаласы аумағында "Есептегі элемент" республикалық жедел алдын алу іс - шарасы өткізілуде.

Бұл іс-шараның басты мақсаты пробация қызметінде және ішкі істер органдарының есебінде тұрған тұлғалардың қайтадан қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу болып табылады.

Өткізіліп жатқан "Есептегі элемент "жедел алдын алу іс-шарасының 3 күндік нәтижесінде Ақтөбе қаласы қызмет атқару аумағында 1316 есептегі тұлға тексерілді.

Тексеру кезінде есептегі 125 тұлғаның тарапынан құқық бұзушылық анықталды. 151 адам ІІО есебіне алынды.

Осы жедел алдын алу іс- шарасы кезінде есептегі жазасын өтеуден мерізімінен бұрын шартты түрде босап шыққан 1 адам полицияның қойылған шектеулерін бұзып және бірнеше құқық бұзушылық жасағаны үшін, сот қаулысымен түзеу мекемесіне қайтарылды, есептегі 2 адамға сот қаулысымен әкімшілік қадағалау орнатылды, есептегі 7 адам сот қаулысымен мәжбүрлі түрде алкогольдік ішімдіктен емдеу орталығына жіберілді.

Жалпы жыл басынан бері Ақтөбе қаласы аумағы бойынша есептегі жазасын өтеуден мерізімінен бұрын шартты түрде босап шыққан 5 адам полицияның қойылған шектеулерін бұзып және бірнеше құқық бұзушылық жасағаны үшін, сот қаулысымен түзеу мекемесіне қайтарылды. Учаскелік полиция инспекторларымен есептегі элемент санатында тұрған тұлғаларға үнемі бақылау жүргізілуде.

Ақтөбе
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды