Алматыда ауа температурасы минус 22 градусқа дейін күрт төмендейді

Алматыда 16 ақпаннан 17 ақпанға қараған түнде синоптиктердің болжауынша, жаңбыр жауып, соңы қалың қарға айналады, ауа температурасы кешке минус 20 градусқа дейін төмендейді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК деректері бойынша, 16 ақпанның таңынан бастап 17 ақпанның түніне дейін Алматы қаласында жауын-шашын болады, жауын-шашынның арты қалың қарға ұласып, ауа температурасы кешке қарай минус 20 градусқа дейін төмендейді.

17 ақпанға қараған түні минус 22 градусқа дейін, күндіз 17 ақпанда минус 14-ке дейін. Ал, 16 ақпанда таңертең тұман, жолдарда көктайғақ болады деп болжануда.

Түнгі кезеңде көктайғақ құбылыстарының алдын алу мақсатында дислокация орындарында 176 құм таратқыштың кезекшілігі жоспарланған. Қар тазалау жұмыстарына барлығы 483 бірлік арнайы техника мен 1180 жол жұмысшысы жұмылдырылады.

Болжамды көктайғаққа, жолдардың жүріс бөлігін қардың басуына, тротуарлардағы көктайғаққа байланысты автокөлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілерден қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраймыз.

Жүргізушілерге жылдамдықты төмендетуге, автомобильдер арасындағы қашықтықты арттыруға, қатарларды сақтауға және кенеттен маневрлерден аулақ болуға кеңес береміз.

"16 ақпанда қарды тазалау және 17 ақпанда түнгі кезеңде қарды жаппай сыртқа шығару бойынша арнайы техника колонналарының жүруіне байланысты автокөлікті жол жиектеріне қоймауды сұраймыз." Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы
Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: