Алматыда ЖОО студенттерін алдап келген жігіт құрықталды

Сурет: Facebook/Арыстангани Заппаров
Алматыда 22 жастағы жігіт жоғары оқу орындарының бірінің студенттерін алдап кеткен. Бұл туралы бүгін, 2024 жылдың 16 ақпанында қалалық ішкі істер басқармасының (ҚПБ) басшысы Арыстанғани Заппаров айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

М.есімді азамат бірқатар алаяқтық жасады деген күдікке ілінді.


"Жас жігіт Алматыдағы жоғары оқу орындарының бірінің ақылы бөлімінің студенттеріне 2 млн теңге сыйақы төлеп, бюджеттік бөлімге ауыстыруды ұсынған. Тергеудің қазіргі кезеңінде күдіктінің осыған ұқсас төрт қылмысқа қатысы бары анықталды. Зардап шеккендер бұдан да көп болуы мүмкін, сондықтан осыған ұқсас алаяқтықтың құрбаны болған азаматтарды мына телефондар арқылы хабарласуға шақырамыз: 8-701-233-47-90; 8-747-700-00-72 және 8-778-677-67-65", – деді Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы Мақсат Қанапяев.

Қазақстан ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда самокаттарға қатысты рейдтер жалғасып жатыр

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Президент: "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасы – еліміздің жарқын болашағын құрудың маңызды тетігі

Қазақстанда салық нысандарының бірі жаңартылады

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео