Синоптиктер Алматыда жауып жатқан қар қашан тоқтайтынын айтты

Сурет: Zakon.kz
Синоптиктердің болжамы орындалды. 16 ақпанда таңертең Алматыда қар жауды. "Қазгидромет" РМК мамандары Zakon.kz сайтына оның қашан аяқталатынын айтты.

Қалалық қызметтер бір күн бұрын қалың қар жауады деп ескертті.

"Қазгидромет" РМК Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша филиалының синоптик-инженері Дәулет Қисебаев та кеше, 2024 жылдың 15 ақпанында дауылды ескерту жарияланғанын еске салды.

"Таңертең және күндіз жаңбыр жауып, соңы қарға айналады деп болжанған еді. Аэропорт аймағында қатты жауын-шашын таңғы сағат 6-да басталды. Ал үш сағаттың ішінде жаңбыр қарға айналды".Дәулет Қисебаев

Оның айтуынша, қар жаууы түнде тоқтайды.

"Қалада қар 17 ақпан түнгі 2-3-ке дейін жауады. Ал одан кейін ауа райы жауын-шашынсыз, ауа температурасының төмендеуі болжанды"."Қазгидромет" РМК Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша филиалының инженер-синоптигі

Айта кетейік, жауған қар қаладағы көлік қозғалысын тоқтатқан. Оңтүстік астана әкімдігі атап өткендей, мегаполистің коммуналдық қызметтері күшейтілген жұмыс режиміне көшірілді.

Бұдан бөлек, Алматы халықаралық әуежайында ондаған рейс тоқтатылды немесе кейінге қалды.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалады

Қасым-Жомарт Тоқаев: Халық Конституциясы – Қуатты, Озық, Өркениетті Қазақстанның жаңа Жарғысы